“Протон-К” зымыраны мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Протон-К” зымыраны мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізіледі

“Протон-К” зымыраны мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізіледі

БАЙҚОҢЫР. 8-маусым. Kazakhstan Today. “Протон-К” зымыраны, ДМ үдеткіш блогы мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізу межеленіп отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз хатшысы Олег Урусов хабарлады.

  • 8 Маусым 2006
  • 524
Фото - Caravan.kz

“Қазір ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кезінде пайдаланылатын инфрақұрылымдық нысандарды дайындауда. Зымыран тасығыш пен ғарыштық аппараттың тексерулері толық аяқталды. Олар қазір сақтау тәртібіне көшірілді”,- деді О.Урусов.

“Келесі аптада ғарыштық зымыран құрастырылады”, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Протон-К” зымыран тасығышы мен «KazSat» жер серігі 18-маусым күні таңертеңгі 4 сағатта ұшырылады.

Перейти к новостям спорта