«Ресейдің «Глонасс-М» жер серіктерін ұшыруға дайындаудың ақырғы кезеңіне ден қою туралы шешім кеше кешке мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бүгін жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта «Протон-К» зымыран-тасығышы 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда зымыран тасығыш пен ДМ үдеткіш блогы құрастырылып, артынан ол 81-алаңның ұшырылымға арналған «үстеліне» тік күйінде орнатылды. «Хруничев атындағы орталықтың мамандары зымыран-тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексере бастады. Жұмыстар кестеге сәйкес үш күнге созылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Глонасс-М» жер серіктері АҚШ-тың GPS жүйесінің баламасы — Ресейдің ГЛОНАСС жүйесіне енетін ғаламдық навигациялық жүйесін толықтыруға арналған.
Үш ғарыштық аппаратты алып ұшатын «Протон-К» зымыран-тасығышы мен ДМ үдеткіш блогы ғарыш айлағының 200-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында Астана уақытымен 2 сағат 18 минутта ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті