Жарияланды: 380

«Протон-М» зымыраны KazSat-2 спутнигімен бірге Баңқоңырдың ұшу алаңына шығарылды

«Протон-М» зымыраны қазақстандық KazSat-2және американдық ОS-2спутниктерімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу кешеніне шығарылды,деп хабарлайды «Роскосмос» федералдық ғарыш агенттігінің сайты.

««Протон-М» ұшу кешеніне тігіннен қойылды. Ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыранына қызмет көрсету фермасы жақындатылған соң, ұшу кешенінде бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша жұмыстар басталады», - делінген «Роскосмостың» ақпаратында. Ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыранын (ҒМЗ-ҚазТАГ) «Бриз-М» үдеткіш блогымен және KazSat-2, ОS-2 спутниктерімен ұшыру 16 шілдеге белгіленді. ҒМЗ-ны шығаруға дайын екені туралы шешім кеше мемлекеттік комиссияның ғарыш айлағында өткен отырысында қабылданды. Бұрын хабарланғандай, KazSat-2-ні ұшыру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Қазақстан жағы оны техникалық жетілдірілмеген санап, пысықтауды талап етті. Осыған байланысты ұшыру мерзімі 2010 жылдың соңына ауыстырылды, бірақ ол кезде де жоба жетілдірілмеген болып шықты. Спутниктің құны - $115 млн.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін