Психиатр қазақстандық дипломат Толмачевті түрмеден арнайы клиникаға ауыстыруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психиатр қазақстандық дипломат Толмачевті түрмеден арнайы клиникаға ауыстыруды ұсынуда

Психиатр қазақстандық дипломат Толмачевті түрмеден арнайы клиникаға ауыстыруды ұсынуда

Психиатр дәрігер Итлияда ұшақты басып алмақ болғаны үшін тұтқындалған қазақстандық дипломат Валерий Толмачевті түрмеден арнайы клиникаға ауыстыруды ұсынуда, деп СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.

  • 20 Маусым 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

«17 маусымда Валерий Толмачевке қатысты кезекті сот отырысы болды. Тәуелсіз психиатр дәрігер соттық-психиатриялық тексеру нәтижелерін ұсынды. Оған сәйкес, Толмачев терең күйзеліске түсуіне байланысты психикасы юұзылған адам деп танылды. Дәрігердің анализі бойынша, Толмачев ұшақты басып алмақ болған кезде өз әрекетіне жауап бере алмайтындай күйде болған. Осыған байланысты дәрігер сотқа айыпкерді емдеу курсын қабылдау үшін түрмеден арнайы клиникаға ауыстыру туралы ұсыныс жасады», — деп ол бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Психиатрдың пікірінше, Толмачевтің жағдайы түзелген, ол ұшақ бортында не болғаны есіне түсіре алмағанымен, жасаған әрекетінің ауырлығын түсінеді», — дейід А.Әбдірахманов.
Әзірге келесі сот отырысы қашан өтетіні белніленбеген.

Соңғы жаңалықтар