Психолог сәнқой жігіттер туралы: Кей жігіттер сәндену арқылы қорқақтығын жасырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психолог сәнқой жігіттер туралы: Кей жігіттер сәндену арқылы қорқақтығын жасырады

Психолог сәнқой жігіттер туралы: Кей жігіттер сәндену арқылы қорқақтығын жасырады

Елімізде қыздан бетер бетін күтіп, сұлулық салондарынан шықпайтын жігіттер көбейген. Олар қазір нәзік жандар арналған барлық процедураларды қолданады екен. Ал салонға бас сұғатын сансыз серілердің көбісі тырнағына маникюр жасатып қана шектелмей, қас тердіруді әдетке айналдырған. Бұл тек бергі жағы дейді мамандар.

  • 23 Қараша 2018
  • 113
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сәнқой жігіттердің саны жылдан жылға артып келеді. Тіпті, соңғы кездері  сұлулық салондарына баратын жігіттердің қарасы қыздардан да асып кеткен көрінеді. Олар шаш бояудан бастап, денедегі түктерді лазерлік депиляциямен тазалаудан да бас тартпайды екен. 

«Көп келеді, көптеп келеді.  Қыздардан аз келмейді.  Бірдей келеді. Олардың услугалары өте көп. Айта берсек шашын алады. Маска жасайды. Еще это затонировать кішкене темный цветке, қоңыр цветке. Сосын маникюр, педикюр жасайды» — дейді сән салонының маманы Гауһар Нұрышева.

Сұлулық саласы мамандарының сөзінше, аяқ-қолының тырнағына маникюр мен педикюр жасатып сызылған серілер бет күтімін де бірінші орынға қояды. Көп жағдайда, көз айналасындағы әжімдер мен қара дақтарды тазалатады. Ал, бұл процедуралар арзан емес. Кем дегенде 50 000 теңге дейді шеберлер. Отан қорғайтын ерлерге ерсі қылық жараса ма?

«Қазір жігіттердің ондай жағдайға баруы ол жасырын емес. Қай салонда болсын, қай жерде болсын жасап жүр»
«Көбіне көп, бірақ ондай дұрыс емес деп ойлаймын. Еркек адамға жараспайды ондай нәрсе»
«Он жылда ондай тенденция көбейеді. Ол Батыстан, Оңтүстік Кореядан болсын, Япониядан болсын, ұлдар, жігіттер негізі өздерін күткені дұрыс сияқты»
«Халықтың алдына экранға шығып жүргендер шығар сол жасатып жүргендер».

 Көпшіліктің пікірі қақ жарылғанымен жастардың көбісі ерлер сәнқойлығын қолдайды екен. «Онда тұрған не бар, өздерін күткендері дұрыс» дегендер де табылды. Психологтардың пікірінше, бұл жүйкедегі ауытқушылық болуы да мүмкін. Сәндену арқылы кейбір бозбалалар қорқақтығын жасырады екен. Сәнқойлықты жаны қалап тұратын жігіттердің көбісі жалғызбасты ананың тәрбиесінен шыққандар дейді мамандар.

“Жігіттер өзіне біреуді қарату үшін ерлікпен емес, өз сәнқойлықтарымен қаратқысы келеді. Боянғанды өздеріне нешетүрлі бірдеңелерді өзіне қарату үшін және ол былай болуы мүмкін. Өз комплекстерін сонымен жабады” – дейді психолог Құбажай Шампетова.


Ер жігіттің өзіне деген сенімсіздігі — дерт, ал  қыз кейпіне енуі — қасірет. Осылайша, қоғамда ЛГБТ өкілдерінің көбеюіне азаматтардың өздері себеп  — дейді әлеуметтанушылар.

“Қызтекелік дегеніміз бұл қоғамға да байланысты деуге болады. Егер біздің қоғамға қауіпті жағдайлар төнетін болса, жаңағы маскулинс дейміз ғой, еркекке қатысты қасиеттер олар оянады. Ал қазір бізде, енді бізде, бейбітшілік заман дейміз. Сондықтан, бұл қасиеттер қазір кішкене болса да әлсіреп бара жатыр” – дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Бүгінде жігіттердің әлсіреуі, әйел затының күшеюіне қарқын беріп отыр. Сүттей ұйыған қазаққа Батыстың мәдениеті кері әсерін тигізуде. Әсіресе, кәріс халқының ер-азаматтарының киіну үлгісі атпалдай қазақ жігіттерін өзгертуде. Бұнымен күресуді бастамасақ, қоғамға қауіп төніп тұр дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар