Бұл туралы блогер Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Психологтар қатындарды тәрбиелеп болсаңдар, еркектерді тәрбиелеңдерші, шын айтамын. Үйдің басы еркек, ақшаны табатын да, көңіл күйді құртатын да, көңіл күйді көтеретін де сол. Енді солармен айналысыңдаршы. Біраз әйел тәрбиеленіп алдым "кереметпін" деп отыр ғой. Олар еркегіне "кереметпін" деп барып нағыз ұрыс сол кезде болып жатыр. "Мамасының баласы" деген көптеген хат келеді. "Күйеуіммен ұрысып қалсам, күйеуім жастығын алып басқа бөлмеге кетеді" дейді. Баяғыда әйелдер солай жасайтын, қазір еркектер солай істейтін болыпты. Кетіп қалады екен, өкпелегені ғой. Біраз әйел еркек болып кетті. Кейбіреулер өкпелеп шешесінің үйіне кетіп қалады екен. Бір еркек тіпті "мені күтпе, бір күні келемін" деп жазып жіберіпті. Жауапкершілік қайда кетті? Мұнда әлсіз болып әйел емес, еркек. Біз тойдық, тәрбиелегендеріңнен изжога болып отырмыз",- деді Мөлдір Анарбаева.
Блогер сондай ақ неше түрлі ер адамдар барын жазды.
"Еркектер қиял емес пе әлде айдауға жүрмей ме?! Әйтеуір олардың басын қатырып жатқан ешкім жоқ. Әйелдер қатырады дейді жооқ әйелдердікін ақылдылар қатырады олар кімдікін қатырарын білмей жүр.
Еркектердің неше түрі көп екен. Екі босағаңа сен деген атам қазақ ер ғой шіркін. Әуелі әйелі жиған ақшаны ұрлап кетіп жатқандарын естіп есеңгірейсің. Бәрі солай емес әрине бірақ басым көпшілігі бағынбайды, басы қатқан, берекесі қашқан әйелді аяп кетесің", — деді блогер.