Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады

Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады

15 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Алматы қаласындағы Ивер-Серафимов әйелдер монастырының 100 жастағы тұрғыны Ирина есімді монах әйілін Достық орденімен марапаттады

  • 16 Қазан 2025
  • 3
ФОТО: zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті жарлық Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

«Қазақстанда Ресейдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласының Иверс-Серафимов монастырының тұрғыны – Ирина Анисимовна Любицкая Достық орденімен марапатталсын», – делінген құжатта.

Белгілі болғандай, Ирина Орынбор облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Тәжікстандағы эвакогоспитальдарда еңбек етіп, 1947 жылдан 1981 жылға дейін Алматыда жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеген.