Путин АҚШ-тың жаңа санкциясы жөнінде: Ресей арсыздыққа шыдап отыра бермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин АҚШ-тың жаңа санкциясы жөнінде: Ресей арсыздыққа шыдап отыра бермейді

Путин АҚШ-тың жаңа санкциясы жөнінде: Ресей арсыздыққа шыдап отыра бермейді

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу әзірге американың санкцияларына ұстамдықпен қарайтынын, бірақ "елге қатысты арсыз әрекеттеріне шексіз шыдап отыру мүмкін емес" деп мәлімдеді.

  • 28 Шiлде 2017
  • 391
Фото - Caravan.kz

Савонлинна қаласында Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездесу өткізгеннен кейін, Путин Вашингтонның Ресейге қатысты жаңа санкцияларына қатысты экономикалық бәсекелестікте геосаяси мүмкіндіктерді "ерекше арсыздықпен" пайдаланып жатыр деп мәлімдеді. Путиннің сөздерінше, американың тиісті заң жобасы нақты қабылданғаннан кейін ғана Мәскеу нақты жауап береді.

Бейсенбі күні Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі департамент басшысы Энтони Скарамуччи АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар жөніндегі жаңа заң жобасына вето қою мүмкіндігін айтқан.


Соңғы жаңалықтар