Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлестік құруға бастамашы болғанын мәлімдеді.
"Ресейдің таяу болашақтағы басымдықтары туралы сұрап, қоңырау шалғаны есімде. Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру туралы келістік, бұл туралы бұрын да айтқанбыз және оған Беларусь та, Украина да қосылуға дайын еді. Бірақ Украинамен бұл жоспар іске аспады, дегенмен Украинаның сол кездегі басшылығы сондай ниет білдірді", — деп еске алды Путин.
Ол "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бұл процесс дами бастағанына" назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет басшылары мұның дұрыс жасалғанын біліп отыр.
ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің президенттері де Назарбаевқа ризашылығын білдірді.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, Еуразиялық интеграцияны дамытудағы ерен еңбегіңізді жалғастыра беріңіз, табыс тілейміз", — деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Құрметті төраға болғаным үшін алғыс білдіремін. Қызмет етуге дайынмын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.