Путин қарызын төлей алмаса Украинаны сотқа береміз деп сес көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин қарызын төлей алмаса Украинаны сотқа береміз деп сес көрсетті

Путин қарызын төлей алмаса Украинаны сотқа береміз деп сес көрсетті

Ресей президенті Владимир Путин қаржы министрлігіне егер Украина Ресейге қарыз үш миллиард АҚШ долларын төлей алмай дефолт болса, сотқа жүгінуге тапсырма берді.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

“Істі сотқа тапсырыңдар” деді Путин қаржы министрі Антон Силуановқа 9 желтоқсанда өткен үкімет отырысында. кейіндеу бұған жауап ретінде Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Кеше Халықаралық валюта қоры бұған дейінгі саясатын өзгертіп, басқа мемлекеттерге қарызын уақытында төлей алмаған елдерге несие бере беруге рұқсат еткен. Енді ХВҚ Украинаға бұл ел Ресейден 2013 жылы қарашада алған үш миллиард доллар еуробондты төлей алмаса да қаржылай көмек көрсете береді.

Өткен айда Мәскеу Киевке төлеу мерзімі 20 желтоқсанда аяқталатын қарызын қайта құрылымдап, төлемді үш жыл мерзімге дейін ұзартуды ұсынған. Украина қарызын басқа да кредиторлармен бұған дейін жасасқан келісімінің талаптары бойынша қайта құрылымдағысы келеді. Киевтің басқа кредиторлармен жасасқан келісімінде қарыздың негізгі бөлігі кешірілген.