Путин Ресей ұшағын жарған содырлардың сазайын беремін деп сес көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Ресей ұшағын жарған содырлардың сазайын беремін деп сес көрсетті

Путин Ресей ұшағын жарған содырлардың сазайын беремін деп сес көрсетті

Ресей ұшағын лаңкестердің жарып жібергені нақтыланды. Осы елдің федералдық қауіпсіздік қызметі Мысырда болған ұшақ апатына содырлардың қатысы бар екеніне көз жеткізген.

  • 18 Қараша 2015
  • 507
Фото - Caravan.kz

Тергеу барысында Airbus-321-дің бортында қолдан жасалған жарылғыш құрылғының іске қосылғаны анықталыпты. Жойқын жарылыстан лайнер әуе-ақ шашылып кеткен көрінеді. Ресей билігі осы лаңкестікке қатысы барлар жайлы қандай да бір ақпарат берген азаматқа 50 миллион доллар көлемінде сыйақы беруге дайын.  31-ші қазан күні Шарм-әл-Шейхтен Санкт-Петербургке ұшып шыққан «Когалымавиа» компаниясына тиесілі Airbus-321 ұшағы Синай түбегінде құлаған болатын. Әуе кемесіндегі 224 адам түгел қаза тапты. Ресей президенті арнайы қызметке қаскөйлерді тауып, сазайын беруді тапсырды. Күдіктілердің екеуі бүгін Мысырда қолға түсті деген де ақпарат тарап жатыр.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Содырларды тауып, жазасын беретін боламыз. Әрқайсысының аты-жөнін анықтаймыз, олар әлемнің кез келген түкпірінен іздестіріледі. Қай жерде жасырынса да, бізден құтыла алмайды. Ал Сириядағы соққымыз жалғасып қана қоймай, күшейтіле түседі. 

Соңғы жаңалықтар