Путин сонымен қатар тарихи Шахи Зинда бейітіне жақын жерленген Ислам Каримовтің қабіріне гүл қойды.
5 қыркүйекте Қытайда G20 саммитінде сөйлеген Путин Каримовтың қайтыс болуын "Өзбекстан үшін үлкен қайғы" деп атаған.
Путин Өзбекстанның ендігі жаңа басшылығы елдегі тұрақтылықты сақтап қала алады деп үміттенетінін айтты.
Бұрынғы коммунист Ислам Каримов Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарды. Каримовтің кезінде саяси диссиденттер мен азаматтық белсенділерді арнайы қауіпсіздік және барлау органдары аяусыз қудалап, жаныштаумен болды.
"Оның елі үшін не істегенін әлі де бағалау керек. Өзбекстанның жаңа заман тарихындағы түрлі сәттерін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ол елде тұрақтылық пен ілгері дамуды сақтады" деген Путин Каримов туралы.