Ал видеоны Бурахан Дағанов жүктеген болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мына, Израйль елінің тарихшысы Арон Ильич Шнеердің Путинге, кезінде Мәскеуді Қазақтар құтқарып қалған деп айтқан видеосын кеше түнде Тик — токқа салып ем 260 мың адам көріпті. Қызық, пікір жазғандардың арасында орыстардың пікірі жоқ", деп жазды автор.
Видеода таришы Путинге қарата былай дейді:
"1946 жылы Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» атты кітабы еврей тіліне аударылды. Жаңа Еврей мемлекеті құрылды. Бұл кітап әр бір Израйл офицеріне қару-жарақпен бірге табысталды. Бұл тек қана оқу құралы ғана болған жоқ. Іс-әрекет етуге негіз болды. Және генерал, Бас штабтың болашақ бастығы Мотес Бург өз естеліктерінеде былай дейді: «Батальон командирі болған Бауыржан Момышұлының сөзін сарбаздардың алдында оқып беріп, бұрылып кеттім, менің сарбаздарым мені түсінді деп ойлаймын. Ал Момыұшлының қашқан солдарттарға айтқан сөзы мынау еді: сен позицияны тастап кеткен жоқсың, сен Мәскеуді тастап кеттің», — деген тарихи естелік айтты Израйл елінен келген таришы Арон Ильич Шнеер