Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Австралиядағы теннистен өткен ашық чемпионатта (Australian Open) шеберлігін көрсете білген 21 жастағы Путинцева 12 сатыға көтеріліп, WTA рейтингісінің 64-орнына жайғасты. Ал бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін абыроймен арқалап келген Зарина Дияс 12 сатыға төмен түсіп, 69 орынды місе тұтты. Отандасымыз Ярослава Шведова Аustralian Open-нен кейін 70-орыннан 83-орынға төмендеді.