Путиннің Қазақстанға жасайтын ресми сапарының бір мақсаты - республиканың экономикалық өсу жағдайымен танысу болмақ - Омбы облысының губернаторы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путиннің Қазақстанға жасайтын ресми сапарының бір мақсаты - республиканың экономикалық өсу жағдайымен танысу болмақ - Омбы облысының губернаторы

Путиннің Қазақстанға жасайтын ресми сапарының бір мақсаты - республиканың экономикалық өсу жағдайымен танысу болмақ - Омбы облысының губернаторы

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасайтын ресми сапарының бір мақсаты "дәл қазір республикада белең алған экономикалық серпілістің" егжей-тегжейімен танысу болмақ. Бұл туралы бүгін, 9-қаңтарда Астана қаласының әкімі Темірхан Досмұханбетовпен кездесуде Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаев мәлімдеді.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 492
Фото - Caravan.kz

Губернатордың айтуынша, «Ресей қазір коммуналдық және зейнетақы жүйесінің реформасы, банк жүйесі мен инвестициялық саясатты жаңалау мәселесінде Қазақстаннан біршама қара үзіп қалды».

Л.Полежаевтың пікірінше, Қазақстандағы осындай реформалардың айқын бір нышаны болып табылатын Астанадағы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан аумағындағы экономикалық өсудің қыр-сырымен танысу — Ресей президентінің басты көздегені болмақ.
Л.Полежаев осы орайда Қазақстан Елордасының қарқындап дамуы «тікелей немесе жанама түрде Омбыға да өзіндік әсерін тигізуде» деп пайымдайтынын жеткізді. «Астананың дамуы Омбы облысына да экономикалық тұрғыда оңды ықпалын тигізіп отырғаны бізді қуантпай қоймайды»,- деді ол.
Губернатор жариялаған мәліметтерге сүйенсек, 2 млн. тұрғыны бар Омбы облысын 100 мың адамға жететін қазақ диаспорасы мекенденеді. «Адам санына қарай қазақтар облыста үшінші орын иемденеді. Бұл тарихи отанымен тығыз байланыстар орнатуға мұқтаждық танытып отырған ауқымды мәдени тап болмақ»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар