Жарияланды: 380

Қ. Көшербаев Талдықорғандағы бірқатар нысандарда болды

Қ. Көшербаев Талдықорғандағы бірқатар нысандарда болды

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған үкіметтік топтың Алматы облысына аймақтағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және жылыту маусымының іске асырылу барысымен танысу мақсатындағы жұмыс сапары басталды.

Таңертең жұмыс тобы Талдықорғанда «Жерұйық-Талдықорған АӨК» ЖШС-нің көкөністер мен жемістерді өндіру және сақтау бойынша кешеніне барды. Мұнда қуаттылығы 6000 тонна жабдықталған үш көкөніс қоймасы бар. Қысқа сақтауға 517 тонна көкөніс мен 270 тонна картоп салынды. Дайындық жалғасуда. Жабдығы бар, қуаттылығы 400 тонна жеміс қоймасына 26 тонна алма және алмұрт салынды. Қызанақтарды өсіру бойынша 4800 шаршы метрлік жылыжай кешенінде қияр көшеттері егілді. Желтоқсан айында 90 тонна қияр алу жоспарлануда. Бұдан кейін делегация «Асыл» тұқымдық орталығы» ЖШС-не, «Қаратал» шағынауданында тұрғын үй жинақ механизмі бойынша салынған 40 пәтерлі жалға берілетін үйдің және 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысып өтті. Делегацияның келесі барған жерлері - № 3 қазандық пен «Басқуат» қазандығы. Қала әкімі Ермек Алпысовтың айтуынша, № 3 қазандық іске қосылғаннан кейін қаланы жылумен қамту магистральдық жүйесінің қуаттылығы 6 пайызға немесе 15 Гкал/сағатқа өсті, бұл қаланың батыс бөлігінің жылумен қамтылуын жақсартты. Қазіргі уақытта қуаттылығы 100 Гкал-сағат болып табылатын «Басқуат» қазандығын кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттама 2013 жылы жасалады, ал құрылыс-монтаждау жұмыстары өткізу 2014-2015 жылдарға жоспарланған. «Қаланың жылумен қамтамасыз етілу проблемасын толық шешу үшін жылумен қамтамасыз ететін кешенді, сонымен бірге жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 85 пайызын шығаратын «Басқуат» орталық қазандығын жаңарту керек. Бұл үшін 5,5 млрд. теңге сомасындағы қаржыландыру мәселесін шешу қажет», - деп белгілеп өтті проблеманы вице-премьердің алдында Ермек Алпысов. Қазіргі уақытта үкіметтік топ Қызылағаш ауылының қалпына келтірілген әлеуметтік нысандарымен, Қызылағаш су қоймасындағы қалпына келтіру жұмыстарының басталуымен танысу үшін жолға шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін