Қ. Қасымбеков: өз әлеуметтік кеңістігіміз тұрғанда, өзгеге неге тәуелді болуымыз керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ. Қасымбеков:  өз әлеуметтік кеңістігіміз тұрғанда, өзгеге неге тәуелді болуымыз керек?

Қ. Қасымбеков: өз әлеуметтік кеңістігіміз тұрғанда, өзгеге неге тәуелді болуымыз керек?

Қазақстандық интернет порталдарына екі жылға мораторий  жариялау қажет. Өйткені отандық веб ресурстар әлі күнге дейін көрші Ресейдің өнімдеріне тәуелді, ал пираттық әрекеттерге тосқауыл болатын, ғаламтор кеңістігін үздіксіз қадағалап отыруға мүмкіндік беретін заң жобалары әлі әзірленбей келеді. Бүгін осылай деп отандық бірнеше ақпарат және аудио-видео хостинг қызметтерін ұсынушы сайт жетекшілері  Қазақстан интернет қауымдастығына өз реніштерін білдірді.

  • 9 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

Өйткені осыдан бір ай бұрын  ғаламтор кеңістігіндегі авторлық құқықтарды қалай сақтауға боладыдеген мәселеге қатысты қауымдастық бастамасымен өткен жиынға бұл топтан бірде-бірі өкіл шақырту алмаған. “Алайда еліміздегі жетекші порталдар ретінде ол отырысқа қатысуымыз міндетті еді”,- дейді. Сол жиында біраз маңызды шешімдер қабылданған. «Ал біздің талап-тілектеріміз ескерусіз қалды», -дейді сайт жетекшілері. Мәселен, ендігіде сайттардан кино, ән көшіру авторлық құқықты бұзу болып табылады. Бұл онсыз да қаралымы аз қазақстандық сайттардың рейтингісін  одан бетер төмендеткен. Жарнама берушілер де отандық порталдардан гөрі ресейлік кеңістікті қалайды.


Қамшыбек Қасымбеков, “Namba.kz” порталының жетекшісі:

— Бұл тұста біздің пікірімізбен санасып, келісіп жатқан ешкім жоқ. Мұндайдан кейін оның салдары қауымдастыққа емес, бізге тиеді. Сондықтан осы және өзге де мәселелерді екі жаққа тиімді шешу үшін күш біріктіруді сұраймыз. Неге біз өзіміздің әлеуметтік кеңістігіміз тұрғанда, өзгелерге тәуелді болуымыз қажет? Бұған мемлекеттік деңгейе қарау қажет. Үкімет басы мен ақпарат министріне де хат жолауымыздың себебі осы.

Соңғы жаңалықтар