"Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": полиция түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": полиция түсініктеме берді

"Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": полиция түсініктеме берді

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде заңгер Абзал Құспан жазды. Ол бұл "сенуге болатын адамдардан алынған ақпарат" екенін жеткізді

  • 16 Тамыз 2021
  • 192
Фото - Caravan.kz

 Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат тарады. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді анықтады.

"Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деді полиция департаментінде.

Бұған дейін белгілі КВН ойыншысының қызы үшін өзге біреу тест тапсырды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Facebook-те заңгер Абзал Құспан жазды. Ол бұл "100% сенуге болатын адамдардан алынған ақпарат" екенін жеткізді.


Заңгердің айтуынша, ҰБТ-ны Әдемі Аманғали үшін университеттің 2-курсында грантта оқитын студент тапсырған.

Құспан адамдар Тұрсынбек Қабатов қызы үшін өзге адам тест тапсыруға келгеніне куә болғанын жазды.

Соңғы жаңалықтар