Қабырғасы шытынай бастаған жатақхана тұрғындары бүгінгі түндерін далада өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қабырғасы шытынай бастаған жатақхана тұрғындары бүгінгі түндерін далада өткізді

Қабырғасы шытынай бастаған жатақхана тұрғындары бүгінгі түндерін далада өткізді

Қызылордада қабырғасы шытынай бастаған жатақхана тұрғындары бүгінгі түндерін далада өткізді. 40 жыл жөндеу көрмеген ғимарат сықырлап, әне-міне құлауға шақ тұр дейді жұрт. Сондықтан 30-ға жуық адам үйінді астында қалудан қорқып, сыртта жүрген. Бірақ есік алдында түнеуге көбінің денсаулығы шыдамаған. Үлкендердің қысымы көтерілсе, кішілердің мұрындарынан қан кетіпті. Ал әкімдік мәселені шұғыл шешудің амалын қарастырып жатыр. 

  • 6 Тамыз 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл кешеден бері есі шыққан Қызылордадағы ескі жатақхананың тұрғындары. Бала-шағасы бар, барлығы 30-ға жуық адам өткен түнді далада өткізді. Көбінің астында тек бір қабат көрпе төселген.

— Азаннан бері аш-жалаңаш, балаларым ыстығы көтеріліп ұйықтай алмай жатыр. Үйге кіре алмай қорқып отырмыз. Қонуға кіре алмай.

Ғалия Монтаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:

— Бүгінгі мына оқиға енді дүр сілкіндірді. Халық деген қорыққандарынан мында далаға шығып жатыр.

Жайсыз жағдайға, әсіресе, балалар жағы шыдамапты. Ыстық өтіп көбі ауырып қалған. Сондықтан шұғыл көмекті де шақыруға тура келген. 

Үміт Жұмашева, Қызылорда қалалық жедел жәрдем бөлімшесінің субординаторы:

— Халық көп. Күннің ыстығына байланысты жағдайлары өте ауыр. Мұрынынан қан кетіп жатқандар бар. Қан қысымы көтеріліп жатқандар көп.  

Ескі жатақхананың сыртқы сылағы кеше күндіз құлаған еді. Кейін қабырғасының бір бұрышы шытынаған. Аулада отырған Жаңагүл Саратова содан құлаған кірпіштің бірінен жараланып, аяғын сындырған. Үйдің қауіпті екенін жұрт жергілікті билікке сан мәрте айттық дейді. Енді, міне, құлай ма деген қауіп бар.     

Айымкүл Сыздықова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

— 7 адам болып комиссия келді. Мен 5 тұрамыз дедім. Құлай деп тұрған үйде. Сөйтіп, көлеңкеде тұр едік қой. Тұрған кезде үй 7 адамды көтере алмай там бері қарай ауды. Сол кезде қашыңдар деді.

Жағдайға байланысты қазір Қызылорда қалалық әкімдігі шұғыл жұмысшы тобын құрып отыр екен. Сөйтіп, ескі үйге уақытша жөндеу жүргізіп қоймақ. Ал келер жылы жатақхана тұрғындарына жаңа үй үлестіріле бастауы тиіс.

Айдын Қайроллаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

— Тұрғындардың жағдайын ескеріп, тиісті жұмыс тобы құрылды. Құрылысшылар қай жерін нығайтуға, қай жерін жөндеуге болатынын көріп жатыр. Сөйтіп, жөндеу жұмыстарын бастап кетпекпіз.

Қазір қаражат бөлу жағы шешілу үстінде. Жалпы Қызылорда қаласында «апатты» деп танылған 25 үй бар екен. Жоспарға сай барлығы да 2017 жылдан бастап, қай жаңартыла бастамақ. 

Соңғы жаңалықтар