Түрікменстан басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай жазасын өтеп жатқан 1029 тұтқынға рақымшылық жасау туралы бұйрыққа қол қойды. Ел басшысы құқыққорғау ұйымы төрағаларына тұтқындарды тез арада босатып, тұрғылықты жеріне дейінгі жол қаражатымен қамтамасыз етуді тапсырған.
Айта кетейік, Түрікменстан мемлекетінде бұндай рақымшылықтар жиі болып тұрады. Мысалға, биылғы жылдың 19 ақпанында тойланатын Мемлекеттік Ту күніне орай 828 жан жазасын өтеуден босатылған еді.