«Қадыровтың шайтани жүйесін құртамыз»: Украинада түркі тілдес ұлттардан тұратын «Тұран» жасағы құрылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қадыровтың шайтани жүйесін құртамыз»: Украинада түркі тілдес ұлттардан тұратын «Тұран» жасағы құрылды (ВИДЕО)

«Қадыровтың шайтани жүйесін құртамыз»: Украинада түркі тілдес ұлттардан тұратын «Тұран» жасағы құрылды (ВИДЕО)

Түркітілдес ұлтардан тұратын жасақ сарбаздары Путин мен Қадыровқа ескерту жасады.

  • 22 Қараша 2022
  • 1924
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы видео paranoiakz Telegram арнасында тарады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Ассалаумағалейкүм, түркі тілді бауырлар! Путин түркі тілді халықтарға геноцид ұйымдастырып жатыр. Рамзан Қадыров исламды бүркемелеп жихад жариялап жүр.

“Ислам біз үшін қасиетті дін. Біздің қасиетті құндылығымызды ойыншыққа айналдырудың қажеті жоқ! Біз Қадыровтың сайтан жүйесін құртамыз, Путиннің империалистік режимін жоямыз. Біз әр күн сайын күресетін боламыз. Біз сендердің үрейлеріңді іштен де, сырттан да аламыз. Жасасын Тұран”, — дейді жасақ мүшесі.

Еске салсақ, Украинада "Тұран" деген жасақ құрылды. Бұл түркі тілдес ұлттардан құралған жасақ. Оны Алмаз Құдабек деген Қырғыз азаматы басқарады.


 

Соңғы жаңалықтар