Қай облыс асыл тұқымды мал сатып алуда алда келеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қай облыс асыл тұқымды мал сатып алуда алда келеді?

Қай облыс асыл тұқымды мал сатып алуда алда келеді?

Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері Қарағанды облысы 16 мыңнан астам аналық мал және 554 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 19 Қараша 2013
  • 669
Фото - Caravan.kz

Облыстық әкімдік мәліметіне сәйкес, облыс республикада осы көрсеткіш бойынша көшбасшы болып табылады. Мәселен, бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы бері 1,4 мың бас асыл тұқымды мал шетелден әкелінді, ал жыл соңына дейін тағы 104 ірі қара мал сатып алу жоспарда бар. 3,8 мың малға арналған төрт жем-шөп алаңының құрылысы басталды.

«Облыстың ірі қара мал тұқымын көбейтуге қатысушыны уақтылы субсидиялау бойынша да көрсеткіштері жақсы. Республика бойынша орташа көрсеткіш 14,2%, ал бізде — 91,2%," – дейді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Әкімдік атап көрсеткендей, «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде аймаққа ұсақ тұяқ малмен айналысуды азайту мүмкін болып отыр.


2011 жылдың басында ауыл тұрғындарының жеке шаруашылығында мал үлесі 75%-ды құраған болса, қазір оның мөлшері 58%-ға дейін қысқарды. Қожалық шаруашылықтардағы мал үлесі 23-тен 40%-ға дейін ұлғайды.