Қайда? - Қарағандыда! – ескерткішінің төңірегінде дау туды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайда? - Қарағандыда! – ескерткішінің төңірегінде дау  туды

Қайда? - Қарағандыда! – ескерткішінің төңірегінде дау туды

“Қайда, қайда? - Қарағандыда!” Осы сөздердің орысша баламасы  қазір тек біздің ғана емес, көрші елдер халқының да аузынан түспейтін болды. Кеншілер қаласында жұрт жиі қолданатын  аталмыш ұйқасқа арналып ескерткіш орнатылды. Бұл – сөз тіркесіне байланысты әлемде алғаш рет жасалған сәулет өнерінің туындысы. Сондықтан композиция Гиннесстің рекордтар кітабына еніп те үлгерді. Алайда бар болғаны он күннің ішінде тұрғызылған  ескерткіш төңірегінде қалада қып-қызыл дау басталып кетті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 678
Фото - Caravan.kz

Бар гәп кейіпкерлерде болып отыр. Жалпы мүсін екі саяхатшы бейнесінде суреттелген. Оның бірі – қайда келгенін білмей,адасып жүрген мейман. Қолында шабаданы бар. Соған егде кісі “Қарағандыдасың” деп жол сілтеп тұр. Екеуі де ұсқынсыз бейнеленген. Ал олардың ортасында алғашқы көмір кенішін тапқан – суыр тұр. Ескерткіш қала орталығында емес, сырты қоршалған жеке мейрамхананың аумағында орналасқан. Идея авторы да,оны қаржыландырған да – жеке кәсіпкер. Көптің пікірінше, бұл оның  мейрамханасына адам тарту үшін жасаған жарнамасы. Ал жұрттың  түсінбеушілігін туғызған ескерткіш Астанадағы “Қазақ елі” монументі авторларының бірі — Мұрат Мансұровтың қолынан шығыпты. Бір қызығы, сенбіде ашылған екі адамның мүсіні бүгін тұғырынан түсіп қалыпты. Оларды қайта өңдеуге жіберген. Орнында тек суыр ғана жалғызсырап тұр.


Райхан Әбілқасова, Қарағанды қаласының тұрғыны
:

— Екі мүсіннің түрі шынымен де қорқынышты болған еді. Алып тастағанына қуанып тұрмын. Қарағанды қаласының кез келген қонақтарына бұл кенді өлкенің тарихымен  байланысты деп айтарлықтай ескерткішіміздің түрі осы ма? Масқара ғой! Меніңше, бұл  дұрыс емес, басқалай жасау керек.

Соңғы жаңалықтар