Қайнаған ыстықта қандастарымыз шекарадан өте алмай тұр - Қазыбек Иса - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайнаған ыстықта қандастарымыз шекарадан өте алмай тұр - Қазыбек Иса

Қайнаған ыстықта қандастарымыз шекарадан өте алмай тұр - Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Түркіменстаннан келе жатқан бір топ қандастың шекарадан түрлі сылтаумен өте алмай тұрғанын жазды. 

  • 20 Шiлде 2022
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Белгілі ақын, қоғам қайраткері Almas Ahmetbekuly хабарласты қазір. Түркіменстаннан Қазақстанға келе жатқан бір топ қандасымыз кешелі бері шекарадан өте алмай тұр екен. Бұл туралы фейсбукта да жарияланыпты. Фотосы мен видеосы да бар.

Атамекен деп аңсап келе жатқан қандастарды шекарадан шеттетіп тұрған шекарашылардың сылтауы- “Виза дұрыс емес, программа ауысқан”-дегенге саяды.

Біздің шекараның программасы құрғыр көршілес өзге елдерден өзге ұлттар ағылып келіп жатқанда еш ауыспайды екен де, тура біздің туғандарымыз, қандастар келе жатқанда ауыса қалатынына таңғаласың… Программа ауысудан бұрын, есіміз ауысып кетпесе болды бір күні бұндай кедергілерді көре беріп…

ҚР Сыртқы істер министрлігі қандастарды сыртта қалдырып отыра бере ме, жоқ бұл жағдайдан хабардар болып, әрекет етіп жатыр ма?


Қарғаның миы қайнаған ыстықта қандастарымыз шекарадан өте алмай тұр!.

Бұрынғы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директоры Ділманов тұтқындалғанмен орнына басқа бір төраға келген шығар…

Тез арада қандастарымызды кіргізіп алуымыз керек!",- деп жазды Қазыбек Иса.

 

 

Posted by Serik Joldasbai on Monday, July 18, 2022

 

Соңғы жаңалықтар