Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жолданған болатын. Аталған факті бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Үкі» түнгі тобы күдіктіні анықтады. Күдікті жәбірленушінің інісінің 31 жасар А. есімді әйелі болып шықты. Полиция қызметкерлері күдікті азаматшаны жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсірді. 1959 жылғы М. есімді азаматтың өлімі інісі екеуі келінін ұрып, келіні пышақ сұққаннан болған. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.