"Қайран асыл аға": Жүрсін Ерманның қазіргі суретін желіге жүктеген пародисттің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайран асыл аға": Жүрсін Ерманның қазіргі суретін желіге жүктеген пародисттің басы дауға қалды

"Қайран асыл аға": Жүрсін Ерманның қазіргі суретін желіге жүктеген пародисттің басы дауға қалды

Белгілі ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы белгілі болды.

  • 2 Тамыз 2023
  • 1501
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы пародист Олжас Сыдықбек желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның «Деген екендерін» айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз, – деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары ақынның жүдеп кеткенін айтып, "оның қазіргі суретін жарияламай-ақ қою керек еді"  деп жатыр. "Азып кетіпті", "Ауру пілді масаға айналдырады деген осы. Шипасын берсінші", "Жүдеу суретін салмаған дұрыс" деген сынды пікірлерін жазуда.


Айта өтейік, былтыр Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен еді. Кейіннен сырқатына байланысты Швейцарияда ем алып келгендігі туралы айтылған.