Түрлі тақырыпта өз пікірін білдірген актер дін жайлы да өз пікірін сөз етті.
Бағдарлама жүргізушісі қойған ДІНИ АҒЫМДАР жайлы сұрағына Қайрат мырза былай жауап берді.
"Мен Арабтан келген ұстазға тамсанып немесе Мысырдан келген ғүлама тамсану дегенді қабылдай алмаймын. Бізде қаншама ақын-жазушылар болды, ғұлама ғалымдар болды. Өмірге келді Құдайды таныды, дін туралы шашып жазып-жазып кетті, өмірден озды. Бізге жырын, өлеңін, тақпағын тастап кетті. Осылардан қарап оқы болды. Неге бұлардың айтқан сөздеріне сену керек. Өйткені осы топырақпен өтті бұлар. Осы жердің суын ішті және осы жерде жатыр олар.
Менің көзқарасым басқа. мысалы: Дұғада болайық деген әңгімені түсінбеймін. Не әңгіме ол? Дін деген өте құпиялық нәрсе ғой. Құдайдан сұрағанымды айтып отырмаймын ғой. Былай қарағанда ол — интимдік зат қой. Әйеліңмен не істегеніңді айтып отырмайсың ғой, жариялап. Сол сияқты ғой. Сен және Алланың арасында болып жатқан байланысты ешкімге айтып керек емес.
Сосын бізде мынау намазхан еді деген сөз бар. Не болыпты намазхан болса, ол бастаса мысалы екі жыл алдын бастаған шығар намазын. Одан алдын ол қандай адам болды сен білмейсің ғой. Оның адамгершілігі, тәрбиесі қалай болды олардан бейхабарсың.
Бірақ мен мына нәрсеге қатты сенемін. Садақа келе жатқан бәле-жаланы жояды дегенге мен сенемін. Біздерде діни көзқараста жұмақты аңсайды бәрі. Мен соған таң қалам. Ол өзімшілдік сияқты. Мен мынаны жасадым, мен мынадай жақсылық жасадым деп жатады. Соған кеп ұмтылады.Сол нәрсені түсіне алмаймын
Шәкәрім атамыздың сөзі бар ғой "тозақпен" қорқытып, "жұмақпен" алдама деген." — деп жауап берді.
Желі қолданушыларыныі бірі Қайрат мырзаның сөз саптауына таң қалып жатса, енді бірі орысша көп қосатындығын сынға алып жатты.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар: