«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне Орталық стадионның көгалын сыйға тартады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне Орталық стадионның көгалын сыйға тартады

«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне Орталық стадионның көгалын сыйға тартады

Алматы қаласының Орталық стадионында көгалды ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары басталды. ҚР Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Қайрат» ФК жаңа маусымда жаңа көгалда ойнайтын болады», - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметінен.

  • 22 Ақпан 2016
  • 329
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты «Қайрат» ФК басшылығы жанкүйерлерге Орталық стадионның бұрынғы көгалын сыйға тартпақ ниетте. Бірегей акция ертең, 23 ақпан күні Орталық стадионда сағат 11:00-ден  15:00-ге дейінгі аралықта болады.

Ниет білдірушілер өздері жайында деректі anton.lysyak@gmail.com поштасына жіберіп, көгалды қанша көлемде алғылары келетіндігін көрсетулері тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша мына ұялы телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 707 828 0404.

Өтінімдерді қабылдау бүгін кешкі сағат 20:00-де аяқталады. 


Айта кетелік, бұл ескі көгалда «Қайрат» командасы ішкі біріншілікте және Еуропа Лигасында талай сәтті ойындарын өткізген болатын.