«Қайрат» ФК-ның бас бапкері жас спортшыларға Бразилия футбол құрамасы мүшелерінің қолтаңбалары қойылған допты әкеліп беруге уәде етті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» ФК-ның бас бапкері жас спортшыларға Бразилия футбол құрамасы мүшелерінің қолтаңбалары қойылған допты әкеліп беруге уәде етті

«Қайрат» ФК-ның бас бапкері жас спортшыларға Бразилия футбол құрамасы мүшелерінің қолтаңбалары қойылған допты әкеліп беруге уәде етті

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Жоао Карлос Барбоса алматылық жас спортшыларға Бразилия футбол құрамасы ойыншыларының қолтаңбалары қойылған допты әкеліп беруге уәде етті.

  • 7 Ақпан 2012
  • 543
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол бүгін Алматыда KOMANDA SOS: «Футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионатындағы Англия құрамасының қолтаңбасы сал ауруына шалдыққан балаларды қолдау үшін» атты қайырымдылық акцияның қорытындысына арналған шара барысында айтты.

Шара барысында қайрымдылық акцияны ұйымдастырушылар Англия құрамасының ойыншылары қол қойған доп қайырымдылық аукционы кезінде 890 мың теңгеге сатылып, одан түскен қаражат сал ауруымен сырқаттанатын балалардың мұқтаждығына жұмсалғаны айтылды. Ал допты сатып алған азамат оны World Class Almaty фитнес клубы желісімен бірлесіп құрылған балалар мектебіне сыйға тартты.

Шағын футболдан UEFA кубогының қола жүлдегері саналатын алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері, аталмыш балалар мектебінің болашағына зор сенім білдіріп, олардың елдің абыройын өсіруге қосар үлесі мол екендігін айтты. Сондай-ақ, балалар мектебіне сыйға тартылған бұл доптың балаларды тәрбиелеуге және олардың өздерін жақсы жағынан көрсетуіне үлкен ықпал ететінін жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера