«Қайрат» футбол клубы дәстүрді қайта жаңғыртады - Дмитрий Огай - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футбол клубы дәстүрді қайта жаңғыртады - Дмитрий Огай

«Қайрат» футбол клубы дәстүрді қайта жаңғыртады - Дмитрий Огай

Ойында жекелеген ойыншылар емес команда ғана жеңіске жетеді.

  • 9 Наурыз 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай кеше Алматыда командаены таныстыру рәсімінде осылай айтты.

«Жаңа маусымда «Қайрат» негізінен қазақстандық жастардан қайта жасақталып отыр. Команда құрамы сондай-ақ Италия, Түркия, Шотландия және Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен бірқатар легионерлермен толықты. Біздің мақсат — аға буынның дәстүрін қайта жаңғырту», — дейді Д. Огай. Бас бапкер «Қайрат» сияқты әйгілі команданы жаттықтыруды өзіне көрсетілген үлкен құрмет деп санайды. Қазақстан футболының флагманы саналатын «Қайраттағы» дәстүрді қайта жалғастыруға бұған дейін жинаған барлық тәжірибесі мен білімін жұмсайтынын жеткізді. Сонымен қатар команданың алдындағы ендігі міндет инфрақұрылымды еуропалық стандартқа сәйкестендіру екендігіне тоқталып өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера