«Қайрат» футбол клубына бас бапкер тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

«Қайрат» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Бүгін Алматыда қала әкімімен болған кездесуде «Қайрат» футбол клубының басшылары жаңадан тағайындалған словакиялық бас бапкер Владимир Вайссты таныстырды. Одан кейін клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев оны команда ардагерлері мен қызметкерлеріне таныстырды.

  • 21 Қараша 2012
  • 395
Фото - Caravan.kz

Футболшы ретінде Чехословакия құрамасында өнер көрсетіп, 1990 жылы Әлем чемпионатына қатысқан 48 жастағы В. Вайсс бұған дейін Словакияның «Слован», «Артмедиа Петржалка» және Ресейдің «Сатурн» клубтарында бапкерлік қызмет атқарған еді. Оның жаттықтыруымен Словакия құрамасы 2010 жылы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Словения, Чехия, Польша командаларын артқа тастап, 1/8 финалға шықты. Сондай-ақ «Артмедиа Петржалка» клубымен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне (2005-2006 жж.) шығып, Словакия кубогы (2004 ж.) мен Словакия чемпионы (2005 ж.) атағын жеңіп алған. Бұл маманның жолы бұған дейін алматылықтармен бір рет түйіскен болатын. Атап айтқанда, ол баптайтын «Артмедия» 2005 жылы «Қайрат» клубына сырт алдаңда 0:2 боп ұтылғаынымен, өз алаңында 4:1 есебімен жеңіп, алматылдықтарды жарыс жолынан шығарған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера