"Қайрат" футбол клубының бас бапкері өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайрат" футбол клубының бас бапкері өзгерді

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері өзгерді

Алматы қаласының "Қайрат" футбол клубын енді испандық Хосе Перес Серар жаттықтыратын болды.

  • 7 Маусым 2012
  • 544
Фото - Caravan.kz

Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың айтуынша, кеңес мүшелері алғашқы айналымды бақылап, оның қорытындысы бойынша бапкерді ауыстыру жайын талқылаған. Сондай-ақ бұрынғы Бас бапкер Дмитрий Огайды өз өтініші бойынша отставкаға жіберу туралы шешім шығарған.

«Алты маманмен келіссөз жүргіздік. Бізге Сергей Овчинников пен Юрия Газзаев келді. Валерий Непомнящи пен Юри Красножанмен телефон арқылы сөйлестік. Андрей Гордеев пен Андрей Таллалаевпен кездестік. Ал испандықтар біздің клубқа үлкен қызығушылық білдіріп, «Қайраттың» ойынын көріп бізге өздері ұсыныс жасады. Енді шілденің ортасында бұл елдің балалар жаттықтырушыларымен келісімшарт жасаймыз. Біз «Барселона» футбол клубының техникалық базасын межеге алып отырмыз», — деді Қ.Боранбаев. Д.Алексеевич алматылық клубтың Бас бапкері болып 2011 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын. Қазіргі таңда Премьер-лигадағы Қазақстан чемпионатында 12 турдан кейін 14 команданың арасында «Қайрат» 10-орында келе жатыр.

Хосе Перес Серар «Валенсия» және «Барселона» командаларының бұрынғы ойыншысы. Соңғы жылдары «Барселона» сабында бапкерлік тәжірибеден өткен «PRO» дәрежесін иеленген бұл маман: «Мен серіктесім Исмаэль Диаспен Қазақстанға «Қайратпен» жұмыс істеу үшін келдік. Біз «Қайрат» ойыншыларының өткір және шабуылдаушы футболшылар болғанын қалаймыз. Басты мақсатымыз Еуропада бәрі «Қайратты» біліп, ол туралы айттатындай ету», — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера