«Қайрат» футбол клубының қосалқы құрамы Малайзиямен 0:0 есебімен тарасты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футбол клубының қосалқы құрамы Малайзиямен 0:0 есебімен тарасты

«Қайрат» футбол клубының қосалқы құрамы Малайзиямен 0:0 есебімен тарасты

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубының қосалқы құрамы кеше екінші бақылау матчын өткізді.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Небойш Миличич жаттықтыратын алматылықтар бұл жолы Малайзияның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасымен кездескен болатын. Бұл ойында ешкім қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай, 0:0 есебімен тарасты.

Бұған дейін олар алғашқы бақылау матчын Анталияның «Мұрат-Паша» («Murat-Pasha») командасымен өткізіп, 2:0 есебімен басым түскен болатын. Бас бапкердің айтуынша, қандай да бір елдің құрамасымен тең дәрежеде ойнау кез келген команда үшін үлкен мәртебе. Жалпы бұл ойында олар қарсыластарына қарағанда біршама басымдыққа ие болды. Қақпаға жиі соққы жасағанымен оның кілтін таба алмады. Бұған команданың күніне 2 мәрте жаттығу жасап жүргені де өз әсерін тигізді.