"Экспресс-газета" желілік басылымы ресейлік ең танымал спортшылардың үстеме пайда табу үшін өз қаржыларын қандай кәсіпке салғаны жайлы ақпарат жазыпты. Аталған тізімде алматылық «Қайрат» командасының ойыншысы Андрей Аршавин да бар, деп хабарлады Caravan.kz.
Футболдан Ресей құрама командасының бұрынғы капитаны, қазіргі «Қайрат» командасының шабуылшысы Андрей Аршавин Петербургтегі бағалы көліктер сататын компанияға құрылтайшы болған. Ал бала кезден аулада бірге доп теуіп өскен кәсіпкер Петр Тиньгаев оның серіктесі атанады. Бірақ серіктесі алаяқ болып шығады. Тиньгаев клиенттермен уақытында есеп айырыспайды. Ал бірде Аршавин кепіл болуға қол қойды делінген жалған құжат жасап, Сбербанктен жеңілдікпен несие де алған. (бар жоғы 10,5 пайыз)
Тиньгаев алған несиені уақытында төлемеген соң Сбербанк сотқа арызданып, оның кепілгерінен ақша өндіріп беруді талап етеді. Өзінен 110 миллион рубль (бүгінгі бағаммен 550 млн теңге) талап етіп отырғанын естіген кезде, Андрейді тас төбеден ұрғандай болыпты.
Дегенмен, кейін сарапшылар құжаттағы Аршавиннің қолы жалған екенін анықтайды. Тиньгаев тұтқындалады. Аршавин өзіне беймәлім іске бас сұққанын сонда ғана түсінген.