Кезекті жолдастық кездесуді алматылықтар түркиялық грандтың Академиясындағы құрдастарына қарсы өткізді. Айтпақшы, матч «Галатасарай» Академиясының алаңында өтті.
Түркиядағы жаңбырдың астында өткен матчта командалар тең футбол көрсетті, бірақ сары-қызыл түстілер бір рет «Қайраттың» қақпасынан саңлау таба алды. Ойын түріктердің минималды жеңісімен аяқталды – 0:1.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында «Қайраттың» тәрбиеленушілері түркиялық Премьер-лигадағы «Галатасарай» мен «Бурсаспор» матчын тамашалады. Алматылықтарды алда жиынның соңғы күндері және «Бешікташ» тәрбиеленушілерімен жолдастық кездесу күтіп тұр.