Қайрат Келімбетов ҚР велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Келімбетов ҚР велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді

Қайрат Келімбетов ҚР велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді

Қайрат Келімбетов ҚР велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді, деп хабарлайды ҚВФ баспасөз қызметі.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов негізгі жұмысындағы шаруаның көптігінен аталған қызметтен кететінін айтты.   Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, деп хабарланды ҚР велоспорт федерациясының  баспасөз қызметінен.

«Әлемдегі экономикалық жағдай мен қиын кездердегі Ұлттық банк алдындағы міндеттер менің негізгі жұмысыма көп көңіл бөлуімді талап етеді.  Осы себептен қоғамдық жұмыстардан бас тарту туралы шешім қабылдадым», — деді Қайрат Келімбетов.

Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа президенті жақын арада өтетін есептік-сайлау конференциясында сайланады. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера