Жарияланды: 480

Қайрат Лама Шариф Қазақстан мұсылмандарының мүфтиімен және Орыс православ шіркеуі митрополит округінің басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф «Нұр Астана» мешітінде болып, Қазақстан мұсылмандарының мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Мүфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі Дін істері жөніндегі агенттік Төрағасының «Бір ұлт - бір дін» бастамасына қолдау білдірді. Кездесу барысында Қазақстандағы мұсылмандар дінбасының рөлін нығайту және ханафиттік мазхабтың сүнниттік бағыттағы дәстүрлі исламының мәртебесін әрі қарай көтеру мәселелері талқыланды. Сол күні Агенттік басшысы Астанадағы Успен кафедральды соборында Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін