Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Биылғы жылғы туған күнін атап өтуге құлшынысы болмаған Қайрат Нұртасты анасы тосын сый жасап бір қуантты.
Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм парақшасында:
"Қайрат негізі бүгін туған күнімді тойламаймын, қарттар үйі, балалар үйіне барып, көңілдерін аулап қайтамын деген болатын. Барып көңілдерін аулап келген соң, кешке қарай бір жерге барып өзіміз ғана шәй ішіп қайтайық деп ескерткен болатынмын. Бірақ бүкіл ел құттықтап жатқанда , қалай тыныш отырайын деп, осылай тосын сый жасап жібердім." — дейді.
Жұлдызды ана тұңғышының туған күнінде:
"Туған күніңмен, Арыстаным.
Тұла бойым тұңғышым! Туған күнің құтты болсын! Халқыңның қалаулысы болып өз тұғырыңнан түспей 100 жаса құлыным!" — деп аналық ақ тілегін арнады.
Туған күнімен құттықтап өнердегі Музарттық ағалары, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Мамасарипова, Шахизада сынды әпкелері, іні-қарындастары, Нұрболат Абдуллин, Төреғали Төреәлі т.б құрдастары келді.
Былтырғы туған күнінде қымбат көлік сыйға алған Қайрат мырза биыл осылайша туған күнін атап өтті.