Қайрат Нұртас 30 жасқа толды. Ол туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас 30 жасқа толды. Ол туралы не білеміз?

Қайрат Нұртас 30 жасқа толды. Ол туралы не білеміз?

Қазақстандағы ең танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас бүгін 30 жасқа толып отыр.

  • 25 Ақпан 2019
  • 718
Фото - Caravan.kz

Танымал әнші туралы не білеміз?

Қайрат Нұртас 1989 жылы, 25 ақпан Түркістан қаласында өмірге келген. Қайрат сахнаға 8 жасынан бастап шыға бастады. Дегенмен, Қайрат көпшілік қауымға 2006 жылдан бастап таныла бастады. 2005 жылы Жүсіпбек Елебекова атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті атанады. 

Әншінің ең алғашқы жеке концерті 2008 жылы оңтүстік астанада өтті. Ал 2010 жылы әншінің "Ауырмайды жүрек" әні нағыз хитке айналды.

Қайрат Нұрастың өкініші

2013 жылы әншінің өмірі суреттелген "Өкініш" атты толықметражды фильмі жарыққа шығады. Фильм — әншінің мелодрамалық өмірін баяндайтын туынды. Фильмде басты рөлде Қайраттың өзі сомдаса, оның махаббатының рөлін танымал актриса Жәния Джуринская сомдаған болатын. 

Қазақстанның ең үздік әртісі

Әнші 2015 жылы Ресейдің "Муз тв" музыкалық бәйгесінде "Қазақстанның ең үздік әртісі" номинациясында үздік атанып, арнайы статуэткаға ие болған еді. Ал 2017 жылы Мәскеуде өткен премияның арнайы қонағы болды.


Қайрат Нұртастың арманы немесе періштелер ұйықтап жатқанда

Қайрат Нұртас сүйген жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге ойнаған "Арман или когда ангелы спят" фильмі 2017 жылы жарық көрген болатын. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, тіпті адуынды сыншылардың өзі оң бағаларын берген болатын. Фильм тіпті АҚШ елінде де көрсетіліп, америкалықтарды да жылатқан еді.

Қазіргі таңда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың Сезім, Алау, Нарұл және Хан есімді балалары бар.

 

Соңғы жаңалықтар