Бұған дейін әнші інісімен бірге “My universe” әнін орындаған еді. Алайда оларды қазақша акцентпен айтты деп сынағандардың қарасы басым.
“Қазақша айта бермейсің бе? Ағылшын тілінде акцент құлаққа түрпідей тиеді”, – деп жазды желі қолданушылар. Алайда әншінің әнді тәп-тәуір айтқанын, қазақша акценттің болуы қателік емес екенін айтты енді бірі.
Есесіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ондай жағдай тек қазақстандық емес, әлемге әйгілі әншілердің де басынан өткенін айтты. Ол ағылшынша әнді акцентпен орындаған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді.
Ал Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Заңғар Нұртас ағылшын – өз тілі емес екенін, сондықтан да акценті үшін жасқанбайтынын айтқан-ды.