Қайрат Нұртас бұл жайлы «Шыны керек» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
“Қазір Жұлдызды теледидардан ғана көретін болдық. Таңертең мәз болып жұмысқа кетеді. Кейде әзілдеймін “сен жұмысыңды менен де қатты жақсы көретін секілдісің”деп. Оны бұрынғыдан да қызғанатын болдым. Өзіне білдірмегенмен іштей қызғаныш болады. Жұмысында жерде қанша адам жүр дегендей. Бірақ Жұлдыз ақылды әйел. Ешқандай артық әрекетке бармайды”, – деді әнші.
Қайрат әншілігінен бөлек қолға алған жеке кәсібі жайлы айтты. Астанада 5-қабатты жаңа сауда орталығын салып жатқанын жеткізді.
“Әкем екеуміз Астана қаласында 3 жарым жыл бойы үлкен сауда орталығын салып жатырмыз. Ішінде барлық қызмет түрі қамтылған. Жақын уақытта ашылуын жасаймыз. Мәңгі әнші болып жүре бермейтін шығармын деп жеке кәсіпті қолға алған едім. Ол да халықтың берекетімен салынып жатқа дүние. Бәріне нәсіп етсін деп тілеймін”,- дейді Қайрат.