Қайраттың сахнаға шығып, ән шырқауы тыңдармандарға үлкен тосынсый болды. "Аңсайды жаным" атты өзінің әнін шырқаған Қайратқа төрешілерден ең бірінші болып Нұрлан Абдуллин бұрылды. Әннің соңына дейін төрт төреші де Қайратқа таңдау жасайды. Бірақ Қайрат тәлімгерлердің ішінен Нұрлан Абдуллинді таңдайды. Қандай мақсатпен келдің деген тәлімгерлердің сауалына Қайрат: "Қызық болсын, өзімді, дауысымды сынап көруге келдім" деп жауап береді.