Қайрат Нұртас кезінде құмар ойын ойнапты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас кезінде құмар ойын ойнапты

Қайрат Нұртас кезінде құмар ойын ойнапты

Қайрат Нұртастың анасы ұлы туралы жұрт білмейтін құпияны ашты. Әнші бір кездері казино ойнаған екен. Алайда Қайрат бұл құмар ойынға тәуелді болмаған. Тек достарының азғыруымен бірнеше рет ойнап көріпті.

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 4286
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.

Гүлзира Айдарбекова баласы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын тілге тиек етті. Оның құмар ойын ойнауына азғырушы достары себеп болған екен. Десе де, әншінің өзі оған салынып кетпей, бұл ойынның аса қызық емес екенін айтқан.

“Ол бір кездері болды. Қазір, Құдайға шүкір, Қайрат казиноға ақша құртып жүрген жоқ қой. Қайраттың ақшасы көп болған соң, жанында азғырушылар көп болады. «Қайреке, қайда барамыз?” деген сияқты. Кейін Қайраттың өзінен сұрасам, “Маған түк қызық болмай кетті” дейді. Сол кезде достары басқа жігіттердің Қайратты сол жаққа тартатынын айтты. Себебі, олар Қайраттың арқасында тегін ішіп-жейді. Казинода да суға бірнәрсе қосып береді немесе адам әкелгені үшін досына ақша төлейді деп жатады. Оны Қайраттың өзі түсініп, мүлдем бармай кетті”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.