Қайрат Нұртас сотқа куәгер ретінде тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас сотқа куәгер ретінде тартылуы мүмкін

Қайрат Нұртас сотқа куәгер ретінде тартылуы мүмкін

Алматыдағы «Прайм плаза» кешенінде орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот жақын күндері басталмақ. Полиция белгілі әнші Қайрат Нұртастың концертінен кейінгі оқиғаға қатысты тергеуді аяқтады. Ал поп-жұлдыздың өзі куәгер ретінде тартылуы мүмкін.

  • 20 Қараша 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салсақ, «Прайм-плаза» алдындағы тәртіпсіздік тамыз айында болған. Осы сауда орнының ұйымдастыруымен өткен концертке Қайрат Нұртас та қатысқан-ды. Бірақ әншінің аяқасты сахнаны тастап кеткеніне ызаланған тыңдармандар сауда кешенін таспен атқылап, кейін төбелес сол маңдағы аудандарға жайылған. Салдарынан жүзге жуық адам жараланды. Көше бойындағы ондаған көлік зақымданды. Ал осы бей-берекетсіздікке қатысы бар деген күдікпен 40-тан аса адам тұтқындалған. Енді соның 17-сі сот алдында жауапқа тартылмақ. Араларында кәмелет жасына толмағандар болуына байланысты кейбір істі Алматының ювеналды соты қарайды. Барлығына бұзақылық, тонау және көлік ұрлау деректері бойынша айып тағылған. Ал, «Прайм плазаның» басшысына өз міндетіне атүсті қарағаны үшін жауап береді. Тек оған байланысты тергеу амалдары әлі біптепті.


Әлішер Мырзаханов, Алматы қалалық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

– Осы қылмыстық істер шеңберінде 17 адам қылмыстық жауапкершлікке тартылды. Қазіргі таңда 4 қылмыстық іс сотқа жолданды, маңызы бойынша қарау үшін. Соның ішінде үшеуі ауданаралық ювеналды сотқа жолданды. Бір қылмыстық іс аудандық сотқа жолданды.