Қайрат Нұртас жұртқа мәлім жайды осы уақытқа дейін не үшін жасырып келген? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас жұртқа мәлім жайды осы уақытқа дейін не үшін жасырып келген?

Қайрат Нұртас жұртқа мәлім жайды осы уақытқа дейін не үшін жасырып келген?

Қазақтың қазіргі мегажұлдызы Қайрат Нұртастың үйленгені, әп-әдемі жары мен балалары бар екені әуелден-ақ мәлім бола тұрса да, мұны әншінің өзі де, анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова да бірнеше жылдан бері жасырумен келеді.

  • 18 Сәуiр 2017
  • 25974
Фото - Caravan.kz

Бұл әңгіме соңғы кездері мүлдем ұмытылғандай еді. Бірақ Гүлзира Айдарбекованың жақында дүркіретіп өткізген туған күнінде түсірілген видеолар Инстаграмға жариялана салысымен, оның келіні бар екені жұрттың есіне түсе қойды. Сөйтіп, желі қолданушылары Қайраттың әйелінің мұндай керемет кешке неге келмегенін жарыса сұрап жатты.

«Осындай дүбірлі тойда келінінің отбасымен болмағаны түсініксіз екен» деп жазды askarova.zerkhan деген қолданушы. Ал бұл пікірді қолдағандар көп болды.

Осыдан кейін Caravan.kz тілшісі әнші туралы қысқа мәліметті ғаламтордан іздеп көрді. 

Бұған дейін де талай мәрте жазылғандай, Қайрат Нұртастың жұбайының аты-жөні – Жұлдыз Әбдікәрімова. Жұрттың айтуынша, әнші 17 жасында үйленіпті. Екеуінің Сезім, Алау, Нарұл есімді балалары бар. Әлеуметтік желілерде қаптап жүрген түрлі әңгімелерге қарағанда, олар ажырасып та үлгерген. Бірақ біреулер Қайрат пен Жұлдызды ажыраспаған деп отыр. Мұндай әртүрлі алып-қашпа әңгімелердің шығуына, әрине, әнші мен оның анасының жұртқа мәлім болған жайды әлі күнге дейін жасырып келе жатқаны себеп.

Ал мұны осынша жасыруына Қайрат Нұртасқа табынушы қыздар азайып кете ме деген ой себеп болса керек. Бірақ көпшіліктің ойынша, бұл жақсы ниет емес. Қанша мегажұлдыз болса да, осындай әп-әдемі отбасы туралы еш нәрсе айтпауы жаман ырым боп есептеледі. Мұндай қылық, әсіресе, қазаққа жараспайды.