"Қайрат Нұртасқа 10 күзетші керек": Әншінің "люкс" талаптары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайрат Нұртасқа 10 күзетші керек": Әншінің "люкс" талаптары

"Қайрат Нұртасқа 10 күзетші керек": Әншінің "люкс" талаптары

Тыңдарманы көп, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың райдері көшті бастап тұр.

  • 15 Қазан 2019
  • 399
Фото - Caravan.kz

Әнші мейрамдардан бөлек, тойларға жиі шақыру алады. Сахнада да, тойда да ойып тұрып орын алатын хитменнің әр қаладағы сапарына ұйымдастырушылар қызу дайындалады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қайрат Нұртасқа жетекші әуе компаниясынан бизнесс-кластан бір билет, көмекшісіне 1 эконом-класқа билет алуыңыз керек. Өнер көрсететін жерге әншінің өзі мен оның тобына өтетін арнайы жер жасалуы тиіс. Жеке кештерде 2 рет шығып, 3 немесе 4 ән орындайды. Жеке концерттерде 3 рет шығып, 5 немесе 6 ән орындайды. Мерекелерде хедлайнер ретінде 30-40 минут өнер көрсетеді. Әртістің ұжымын 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етуіңіз керек", — дейді әншінің өкілі.

Бұл аз десеңіз, Қайрат Нұртастың концерті кезінде күзетші саны 5-10 болуы керек екен. Әншіге элиталық қонақүй мен люкс нөмір жалдануы керек.

"Әртіс пен оның тобы газдалмаған минерал су,  4-5 түрлі шырын, шыны бөтелкедегі газдалған сусын, энергетикалық сусын, дымқыл майлықтар және жемістер болуы керек. Кір жуу және өзге де шығындарды тапсырыс беруші мойнына алады. Әнші Алматыда өнер көрсетсе жетекші қонақүйлерде қонады, Нұр-Сұлтан қаласында да алдыңғы қатардағы қонақүйді таңдайды, басқа қалалар да әнші тек элиталық қонақүйлерде тоқтайды. Ұйымдастырушылар әншіні қаланың ішінде көлікпен қамтамасыз етуі керек: гастрольдік сапарларда жоғары санаттағы 2 шетелдік көлік болуы керек", — дейді хитменнің өкілдері.

Ал, әртісті әуежайдан Land cruiser 200, Lexus 570, Mersedes S class, 2015 жылдан бергі қолданыстағы Bently көліктерімен қарсы алып, шығарып салуыңыз керек екен. KN-нің техникалық талаптарына дыбысы 10-15 кВт Dinaccord, Shure микрофоны, энейр кіреді. Сонымен қатар, дыбыс күшейтетін аппаратура, сахналық жарық, LED экран, бишілер болуы керек", — дейді әншінің көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар