Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

"Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы жылына 10 адамға беріледі.

  • 19 Маусым 2019
  • 98
Фото - Caravan.kz

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атанды.

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясында шаһардың бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутаттар бірауыздан қабылдады. "Құрметті азамат" атанғандардың арасында Рәшкүл Оспанәлиева, Қайрат Молдасейітов, Еркін Сатқанбаев, Наталья Романова, Қайрат Нұртас бар.

"Мұндай статусқа ие болғандар әзірге тек қоғамдық көліктерде тегін қатынайды және арнайы аллеяда есімдері жазылған тақтайша ілінеді", — деп жазды портал.

Айта кетейік, "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға тапсырылады. Мұндай атақ шаһарды дамытуға айрықша еңбегі сіңген, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып жүрген азаматтарға беріледі.