Қайратты арнайы Италияға алдыртқан сонда тұратын қандастарымыз болып шықты. Бұл жолғы той – туған күн мерекесі. Қайраттың директорының айтуынша, бұл әншіні алыс шетелге алған алғашқы шақыруы емес. Сондықтан Италиядан қоңырау шалып, қолқа салғанда, аса таң қалмағандарын айтады.
“Бұған дейін Қайратты Францияға тойға шақырған. Бірақ аталған күн бос болмағандықтан, бас тартуға тура келді”, – дейді Қайраттың директоры.
Сонымен қатар, жұлдызы асқақтап тұрған əншіні Еуропаға шақырту құны Қазақстан қалаларындағы тойлардан əлдеқайда жоғары екенін айтты. Мұнысы түсінікті де. Бұл жолғы тапсырыс берушілер əншіге тойда əннен шашу шашып қана қоймай, қымбат қонақ үйлердің бірінде 4 күн демалуды өздері ұсыныпты.
Оған қоса, Қайраттың бұл жолғы райдері де бөлек. Бизнес-класс, оққағарлар, люкс көлік, арнайы гид, оған қоса, шаш-бауын көтеріп жүретін тобы да бар. Алыс сапарға жалғыз аттанғандықтан, соңғылары əншіні арнайы келіп алып кетсе керек.
Сонымен, той шілденің 27-не белгіленген екен. Ал əзірге Қайрат Италия аспанының астында демалуда.
Осы орайда, Қайрат Нұртастың тойларға шығатын негізгі райдерін атап кеткен орынды. Қайратты жеке мерекеңізге шақырғыңыз келсе: өзіне ұшақтан бизнес-класс, ал көмекшісіне – эконом құнын төлеу керек. Орналасатын қонақ үйінің жұлдызы бестен кем емес, бөлмесі мен тосып алатын көлік тек люкс болуы шарт. Одан қалса Қайрат Нұртасты жұрттың шабуылдауы мен мазасын алуынан қорғайтын оққағарлар қасында жүруі міндетті.