Қайрат Нұртастың әйелі: Маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртастың әйелі: Маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!

Қайрат Нұртастың әйелі: Маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!

Қазақстанның танымал хитмені Қайрат Нұртас қазіргі карантин кезінде өзінің және отбасының уақыттарын қалай өткізіп жатқаны турасында 31 арнаның “Бәріміз үйдеміз” жобасына берген сұхбатында айтқан.

  • 7 Сәуiр 2020
  • 5331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ernur.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат онлайн режимде өткен.

Сұхбат барысында әнші ата-анасының үйіне карантин жағдайы кезінде ұры түскені туралы да айта кеткен. Сондай-ақ әнші қазіргі жағдайдың отбасымен, жұбайының жанында ұзақ бірге болуына, балаларына көңіл бөлуге септігін тигізгенін айтқан.

"Қазір таңғы ас ішетін болдым, балалармның жанында көбірек болып, отбасымдағы кейбір жағдайлардан хабардар болып жатырмын" — дейді әнші.

Ал әншінің 10 жылдан кейін танымал болған жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайдың жақсы өтіп жатқанын айтқан.


"Бірге дүкен аралап, ақылдасып азық-түлік алып жүрген ерлі-зайыптыларды көріп қызығатынмын. Қазір бұл жағдай карантин кезінде өз басыма келді. Сондықтан маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!" — дейді хитменнің жұбайы.
 

Соңғы жаңалықтар