Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы шолу жасап көрді.
"Алдараспан" театрының экс.мүшесі Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің жеке "Жұлдызай тәттілері" шоколадын жасап шығарды.
Қазіргі таңда сатылымда болмаса да, жақындарына, достарына тәттілерін сыйға тарту үстінде.
Актриса Жания Джуринскаяға сүйіктісі Стамбулдың төрінде үйленуге ұсыныс жасады. Жанияның ең сүйікті қаласы Стамбул қаласы екенін біліп, сол жерде ұсыныс жасағанын айтты. Тойы қашан және қай қалада болып өтетінін, алдағы уақытта хабарлайтынын айтты.
Әнші Әйгерім Мамырова өзінің кезекті туындысын шығарды. "Тағдыр кінәлі" деп аталатын жаңа бейнебаяны 4 күн ішінде +120.000 қаралым жинады.Тыңдармандарына ән қатты ұнауда. Әннің сөзін біздің порталдан көре аласыздар.
Түркия мемлекетінде қазіргі таңда Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахский Түркияда" фильмін түсіріп жатыр. Түркияның танымал актері Кадир Догулу кинода бой көрсетуі мүмкін. Себебі Нұрлан мырзаға қол ұшын созып басы-қасында жүргенін айтып қалды.
Дәл қазіргі сәтте шетелге демалыстарын өткізуге кеткен жұлдыздарымыз да бар.
Мадина Сәдуақасова Египетте, жайдарман жұлдыздары Арсен мен Мереке Стамбулда, танымал вайнерлер Дана мен Мейіржанда Стамбулда кезекті демалыстарын өткізуде.
Жетінші арнада "Тек қана қыздар 2" маусымы көрерменге жол тартты. Бұл жолғы қаралым да өткен маусымдағыдай таң қаларлық. Көрермендерге ұнап жатыр.
Қайрат Нұртас өзінің кезекті бизнесін ашып үлгерді. "AUZ_T" деп аталатын көше тағамдарын Алматы қаласында ашып, тұсауын кесті.
Қазақстан ұлттық арнасында "ADAM MEDIA GROUP" компаниясы жаңа жоба бастап кетті. Жобаның аты "Егіз-Лебіз" деп аталады. Бұл жерде танымал актерлер мен әншілер жұп болып жанды дауыста ән айтады. Жанар Айжанова, Дана Кентай, Әділ Ахметов, Жұлдызай Дүйсенбиева, Бағлан Әбдраймов сынды өнер жұлдыздары қатысуда.